Жетісу облысында өткен жылы ІІО-ға 150-ден астам қызметкер қабылданды

Уақыты: 13.01.2025
Оқылды: 237
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында өткен жылы ІІО-ға 150-ден астам қызметкер қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кадр қызметі ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттерді орындауды жалғастыруда.

2024 жылғы жұмыс қорытындылары кадр қызметкерлерінің ұйымдастыру деңгейінің, жауапкершілігінің және тиімділігінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Кадр қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлерді лауазымдарға дұрыс тағайындауды қамтамасыз ету болды. Бұл қызметтік мінездемелерді, кәсіби деңгейін зерттеу және қызметке қойылатын талаптарға сәйкес білімін тексеру арқылы жүзеге асырылды. 2024 жылы ішкі істер органдарына 159 жаңа қызметкер қабылданды.