Бақылау күшейтілді

Уақыты: 25.01.2025
Оқылды: 267
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Жол менікі» деп тайраңдап жолдағы қауіпсіздікті сақтамайтын жүргізушілердің кесірінен облыс аумағындағы жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында 4 патрульдік экипаж бен 1 «Жедел жәрдем» көлігіне заманауи «Ekin Patrol» мобильді аппараттық-бағдарламалық құрылғы орнатылды. 


«Ekin Patrol» – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған заманауи жүйе. Ол қарама-қарсы және бір бағытта келе жатқан көліктердің жылдамдық режимінің бұзушылықтарын тіркейді. 360 градустық панорамалық бақылау арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын анықтайды. Құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, жауапкершілікке шақыру туралы нұсқамаларды жолдайды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және қоғамдық тәртіпті жақсартуға бағытталған.