Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Уақыты: 25.01.2025
Оқылды: 278
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Текеліде 9-11-сынып оқушылары мен студенттерге арналған «Есірткісіз өмір» атты профилактикалық іс-шара өтті.


Кездесуді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Текелі қаласының прокуратурасы, білім бөлімі және «Делай добро! Текелі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Мақсаты – жастарға есірткісіз өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу. 

Басқосу барысында «MI BATTLE» ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойында 60 оқушыдан құралған 10 команда өзара сайысқа түсті. Шараға 250-ден астам адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар мен үздік командалардың капитандарына бағалы сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды. Ең үздік есірткіге қарсы плакат салғандар да марапатталды.