Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жетісу облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 9 қылмыстық теріс қылық, ал 12 есірткі қылмыстары, атап айтқанда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оны басқару және оған қатысудың 2 дерегі. Сонымен қатар, есірткі сатумен айналысқан 45 интернет-каналдары анықталып, бұғаттауға жіберілді.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында өңір полициясы басқа мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және еріктілермен тығыз байланыста тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Осылайша, жыл басынан бері облыс аумағында жастарға есірткінің зиянды әсері мен олардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында 79 түрлі профилактикалық шаралар өткізілді.
Өңір полициясы есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Есірткіге қарсы күрес тек полицияның ғана емес, әрбір саналы азаматтардың жауапкершілігі. Тек бірлесе әрекет ету арқылы біз өңірімізді қауіпсіз ете аламыз.
Жетісу-Ақпарат