Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Осыған орай Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Қаратал ауданы ауылдық округтерінің әкімдерімен және әкім аппаратының мемлекеттік қызметкерлерімен Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік стандарттарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өткен шараға барлық мемлекеттік қызметкер қатысты. Ұжым ішінде де, азаматтармен өзара қарым-қатынаста да әдептік мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Кездесуден кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Оның шеңберінде әкім аппаратының қызметкерлері және жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызметтік практикадан нақты мысалдарға түсініктеме алды. Қызметтік міндеттерді сақтау мәселелеріне, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктеріне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілерді заңнамадағы және әдеп нормаларына енгізілген соңғы өзгерістер туралы үнемі хабардар ету үшін осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды.
Мемлекеттік қызметтің әдептік және құқықтық аспектілерін талқылау бойынша кездесулер өткізу бастамасы жергілікті атқарушы органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қ. МАНАП,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облысы бойынша департаментініңбасшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Фото: den-der.kz