АЛИМЕНТ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Уақыты: 23.02.2025
Оқылды: 628
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Баланы асырау – ата-ананың заңмен бекітілген міндеті. Осы орайда ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Әр бала өзіне тиесілі алимент мөлшерін алуға құқылы.

Айта кетейік, алимент мөлшерін және төлеу тәртібін сот анықтайды. Көп жағдайда сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанмен оны орындайтындар аз. Тіпті ерлі-зайыптылар алиментті аз мөлшерде төлеу үшін табысын жасыру сынды түрлі әрекеттерге барады. Ал төленетін алимент көлемі сот шешіміне сәйкес бекітіледі. Сот шешіміне сәйкес алимент төлеуге міндеттелген ата-ананың бірі ай сайын бір балаға табысының 4/1 бөлігін төлесе, екі балаға 3/1 бөлігін, одан көп балаға табысының жарты бөлігін төлеп отыруға міндеттеледі.

Ата-ана сот шешiмi бойынша төлеуге міндеттелген қаражатты өтемеген жағдайда заң тарапынан жаза қарастырылған. Атап айтсақ, үкімді 3 айдан аса уақыт орындамаған жағдайда 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не болмаса екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Егер борышкердің берешегі жиналып қалса, онда сот орындаушылар борышкердің көлігін алып, оны сатып, қарызды өндіруге құқылы. Одан бөлек, дүние-мүлкіне тыйым салып, ел аумағынан шығуына шектеу қояды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінің күшін жою сынды шаралар қолдануға құқылы.

Ескере кететіні, алимент төлейтін әке ақшасы бар немесе жоқ деп бөлінбейді. Яғни, ол жұмыссыз екен деп оған қандай да бір жеңілдік қарастырылмаған. Егер борышкердің ресми жұмысы жоқ болса, мемлекет бекіткен жұмыссыздық тарифі бойынша орташа жалақы есептеліп, алименттің мөлшері анықталады. Борышкер алиментті сол бойынша төлеуге міндетті. Егерде алимент өндіруші берген өтінішіне 3 рет әрекетсіздік білдірсе, онда оларды сотқа беріп сот орындаушыны лицензиясынан айыра алады.


Асхат БАЛТАБАЕВ
Жетісу облысының сот орындаушысы

Фото: inbusiness.kz