12 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Уақыты: 10.04.2025
Оқылды: 459
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

2024 жылдың тамыз айында Жетісу өңірінде педофиль үйге кіріп, 12 жасар қызды зорлаған. Алайда сот күтпеген жерден сотталушының әрекетін қылмысқа оқталу ретінде қайта саралап, 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аса жеңіл жазамен келіспеген Жетісу облыстық прокуратурасы үкімге шағым түсірді. Апелляциялық сот қадағалау органының ұстанымын қолдап, жазаны күшейтіп, кінәліге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жетісу облыстық прокуратурасы: балаларға қарсы жасалған әрбір қылмыс қатаң әрі әділ жазалануы тиіс деп атап көрсетеді.

«Құқықтық тәртіп» мемлекеттік саясат шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау қадағалау органдарының басымдығы болып қала береді.

Фото: Envanto