ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 03.07.2020
Оқылды: 1275
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша депратаментімен (бұдан әрі - департамент) мемлекеттік мүлікті сенімгерлікке және мүлікті жалға беру бойынша жүргізілген тендерлерге (байқаулар) қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылықтар бойынша талдау жүргізілді.

Талдау барысында департаментпен, «Талғар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) іс-әрекеттерін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлер (байқаулар) өткізген кезде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 194-бабының нормаларын бұзу белгілері анықталды.

Бұдан бұрын департаментпен, 2020 жылдың 25 ақпанында бөлімнің мекен-жайына жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге байланысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бар екендігі туралы хабарлама жіберілген.

Кодекстің 199-бабының 3 тармағына сәйкес, егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол бір нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

Департамент бөлімге қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеу жүргізуді бастады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан