"ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН": БІР ТӘУЛІКТЕ ЕКІ АДАМ ҚАМАЛДЫ

Уақыты: 09.07.2020
Оқылды: 1121
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында ірі көлемде марихуана тәркіледі. Алматы облысы полиция депарматентінің баспасөз қызметі бір тәуліктің ішінде тыйым салынған есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісі анықталғанын хабарлады.

Екеуіне де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бап, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары:

- Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары «Қара сораның» 51 келісін тәркілесе, екінші жағдайда полицейлер 54 түп марихуананы тәркілеп, осылайша есірткі заттарын заңсыз өсірудің кезекті дерегінің жолын кесті. Заңсыз өсімдік «бағын» полицейлер Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан байқаған, - деп екі күдікті де қамауға алынғанын айтады.

Олар қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"