Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КОНТРАБАНДАЛЫҚ ТАУАР: ТЕМЕКІ МЕН АВТОКӨЛІК ШИНАЛАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Уақыты: 22.07.2020
Оқылды: 697
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұсталған (контрабандалық) тауарларды түгендеу бойынша іс-шара өткізді. Нәтижесінде әкелуге тыйым салынған және жойылуға жататын 12 тонна жүк анықталды. 

2020 жылдың шілде айында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз контрабандалық жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған бұрын ұсталған тауарларды жою жұмыстарын жүргізді. Жойылған тауарлардың басым бөлігі-темекі бұйымдары мен бұрын қолданыста болған автокөлік шиналары.

Хаттамадан кейін 12 тонна көлемінде барлық жүк "Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор" ЖШС аумағында жойылды. Елге заңсыз әкелінген тауарларды жою бойынша осындай іс-шараларды Департамент мамандары осыған дейін де өткізген.

"ЖЕТІСУ-АҚАПАРАТ"