ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 25.09.2020
Оқылды: 935
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында он жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғаны туралы арызданған. Аталған дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.

- Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдік азаматты ізін суытпай анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды. Жеке басын тексеру барысында ұсталған азаматты 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамауға алынды, - деді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Данияр Қыйқабаев.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"