ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ СӨЗІ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ

Уақыты: 26.11.2020
Оқылды: 1412
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз өкілі мәлімдеді.

ХХ ғасырдың басында мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіздіктің алғашы лебін сездірген «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым,түрколог, ақын және аудармашы болған Ахмет Байтұрсынұлы алдына қазақ болашағы үшін ұлы мақсат қояды. Ақын Алаш жұртына: «Басқадан кем болмау үшін, біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деген сөз қалдырды.

Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу болды. Өз еңбектерінде ол: «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар», - дейді.

А.Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін сізге мамандық қажет. Күшті болу үшін – бірлік қажет», - деген сөзі де терең ойға қалдырады. Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді.

Қазақстандық жастарға осы туралы онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды. Шын мәнінде, көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек.

"Адалдық сағатының" бейненұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"