ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮЙІНЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ ҚАЛҒАН ҚАРИЯҒА КӨМЕКТЕСТІ

Уақыты: 17.01.2021
Оқылды: 903
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданының патрульдік полиция қызметкері қарт адамды үйіне жеткізіп салды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты атаға тайғақ көшелермен жүру қиынға соққан. «Өзінің әкімшілік учаскесін патрульдеу кезінде №280 борт экипажының қызметкері, полиция лейтенанты Шалқар Алмасов өте баяу жүріп келе жатқан атаны байқаған. Көк тайғақтың кесірінен егде жастағы адам тайып, құлаған. Полицей атайға жақындап, оны үйге дейін жеткізуді ұсынған. Алайда қарт адам белгісіз себептермен ұсыныстан бас тартқан сәтте полиция лейтенанты Ш.Алмасов атаны үйіне дейін жаяу жеткізуге шешім қабылдаған», - дейді Ескелді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов.

Бұл деректің әлеуметтік желідегі "Instagram" парақшалары арқылы белгілі болғанын айта кету керек. Мейірімді полицейдің айтуынша, әр адамның қарт туыстары бар және ол атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Ол мақтанышпен өз еліне және халқына қызмет ету өзінің басты міндеті екенін жеткізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"