АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СЕГІЗ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН ВИРУС ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 22.01.2021
Оқылды: 831
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды. Қазір олардың барлығы оқшауланды, мекеме карантинге жабылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Облыстық соттың 8 маманы індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Мекеме екі апталық карантинге жабық. Сот ғимараты мен оның аумағы залалсыздандырылуда», - делінген Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан