Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА БИІКТІГІ 13 МЕТРДІ ҚҰРАЙТЫН ТУТҰҒЫР ОРНАТЫЛДЫ

Уақыты: 04.06.2021
Оқылды: 901

Панфилов ауданында Тутұғыр орнатылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні және ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы қарсаңында Панфилов ауданының Тұрпан ауылында биіктігі 13 метрлік Тутұғыр орнатылды. Бұл аудан бойынша алғаш рет орнатылған биік нысан. Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында Тутұғырды ауылдың белді азаматтары өз қаражатымен орнатқан. Сондай-ақ, іскер азаматтар тутұғырдың дәл жанынан ауыл балаларына арнап, спорт залын салдыруда.

- Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Әркім өз туған ауылын көркейтуі керек. Біз ауыл азаматтарымен бірлесіп, осы спорттық залды салып жатырмыз, - дейді жергілікті кәсіпкер Жалғас Алтынбеков. - Бүгін Рәміздер күні қарсаңында осы тутұғырды орнаттық. Спортзалдың жанында әдейі қойдық Себебі, Көк байрағымызды спортшыларымыз да желбіретеді. Көк байрағымыз әрқашан осылай желбіреуі тиіс. Әр ауылдың балалары елімен, байрағымен мақтануы керек.

Көк байрақты ілу рәсімін жергілікті спортшы, грек-рим күресінен жасөспірімдер арасынан әлем және Азия чемпионы Сабаз Бағдат жасап, ауыл ақсақалдары игі істің басындағы азаматтарға ақ батасын берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"