Жаңа маусымға дайындық

Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 1711
Бөлім: ТҮПСАНА

Аудан орталығындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Маусымда басталған жұмыс шілде айының аяғын­да сәтімен аяқталды. Аудан орталы­ғындағы  көрнекті өнер ордасының шаңы­рағы тұтас ауыстырылды.

 

От жағар ғимараты бөлек жасалды. Үш жүзге тарта жаңа орындық қойылды. Киім қоятын арнайы бөл­ме қамдастырылды. Мұнда киім реттейтін арнайы шеберхана бар. Аспаптар қоятын бөлек бөлмесі тағы бар. Кеген халық театры мен «Ере­уіл» фольклорлық-этно­графия­лық ансамбль­дері­нің дайындық жасайтын арнайы бөлмелері қам­дас­ты­рылған. Кең залдың сахна төрі жарық­тан­дырылды. Айта берсек, күрделі жөндеудің тигіз­ген шарапаты көп.

– Шын мәнінде, халықтық атағы бар екі өнер ұжымы үлкен қуанышқа кенелді. Биылғы жаңа маусымға шығармашылық жаңа табыстармен, ізденістермен дайындық жасап жатқан жайымыз бар. Кеген халық театры Тынымбай Нұрмаған­бетовтің «Табалдырығыңа табын» атты қойылы­мын сахнаға әзірлеу үстінде. Оның сыртында облыста өтетін фольклорлық ансамбльдердің байқауына да дайындық жасаудамыз. Ең қуа­ныш­­тысы, күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіне жаңа аспаптар мен киімдер енді келеді деп күтілуде. Бұл да қуанышымызды асқақтатып отыр, – дейді аудандық Мәдениет үйінің жанын­дағы «Ереуіл» фольклорлық-этнографиялық ансамблі­нің  көркемдік жетекшісі Кәдірбек Сүлеймен.

Аудандық Мәдениет үйінің жанындағы ха­лықтық атағы бар екі ұжымда майталман өнер иелері еңбек етеді. Олар ауданда өтетін іргелі     ша­ра­лардың, халықтық мерекелердің көркі мен кел­беті іспетті. Аудандағы жиын-тойлар солар арқылы ажарланып, жайнап, жаңғырып сала береді. Ілия Әбженбаев, Самиға Әлдекенова, Медет Құныпияев, Асан Дидар, Ақмарал Сүлей­мен, Бейқұт Бекібаева секілді өнер иелерінің атына айтар алғыс мол.

– Тәуелсіздігімізден айналайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Аудандағы қара шаңырағымыз күрделі жөндеуден өтті. Ел басқар­ған азаматтарға айтар алғысымыз мол, – дейді Кеген халық театрының режиссері, Қазақ­станның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Нағима Таласбаева.

Кеген халық театрының белді мүшесі, «Ере­уіл» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің күміскөмей әншісі Самиға Әлдекенова мақтаулы өнер иесі. Алматы қаласындағы эстрада студия­сын 1985 жылы бітірген Самиғаның аудандық Мәде­ниет үйінде еңбек етіп келе жатқанына отыз жылдан асты.

– Менің бар ғұмырым, бар өмірім осында өтуде. Шығармашылық жолдарым осында өрнек­тел­ді. Бақытым да, бар қуанышым да осы бір орта­да өтуде десем, артық айтпаймын. Еліме, халқыма жақсы әндерімді сыйлап келемін. Елім, өнерім мені жақсы күндеріме талпындырады. Соған разымын, – дейді күміскөмей әнші Самиға Әлдеке­­нова.

                                   

Қанат Біржансал.

Райымбек ауданы.