ОБЛЫС ӘКІМІ БЕЛГІЛІ ЭНЕРГЕТИК МҰХИТ ҮМБЕТОВТІҢ ӘУЛЕТІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Уақыты: 19.03.2022
Оқылды: 1428
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев белгілі энергетик, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Үмбетовтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Серік Әбікенұлына және Үмбетовтер әулетіне Мұхит Үмбетовтің мезгілсіз қаза болуына байланысты қайғыра көңіл айтамын.

Мұхит Әбікеұлы саналы ғұмырын энергетика саласына арнаған, осы саланың дамуына зор үлес қосқан, өзім танып, жақсы араласқан, қарапайым еңбекқор азамат еді.

Мұхит Әбікеұлының жарқын бейнесі ұрпақтары мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік өшпейді.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!" - делінген әкімнің көңіл айту жеделхатында.