І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің география және география-тарих мамандығының студенттері оқытушыларымен бірге «Ұлттық рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан қаласына тарихи-өлкетану саяхатына барды.
Студенттер ЮНЕСКО қорғауындағы археологиялық ескерткіш, Ұлы Жібек жолындағы Шәуілдір кентіндегі ашық аспан астындағы музейді, сәулет ескерткіштерінің нысандарын аралап, тарихи орындармен танысты.
Түркістан қаласындағы «Керуен сарайында» кешкі демалыс музыкалық лазер шоу «Қыз Жібек пен Төлеген», «Алтын Самұрық» медиакешенінде 8D форматындағы уақыт пен кеңістіктегі фантастикалық ұшу әсерін сезінді.
Тарихи ескерткіштер мен мұражайларды көруге, мың жылдан астам уақыт тұрған заттармен танысуға және бірегей орынмен байланысты аңыздарды тыңдауға, рухани жаңғырып, уақытты пайдалы өткізуге мол мүмкіндік берген бұл сапар білімгерлерге ерекше әсер етті.
Б. КЕРІМБАЙ,
ЖУ-дің жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ оқытушы-дәріскері, география PhD докторы