ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Уақыты: 17.06.2024
Оқылды: 367
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Талдықорған қаласы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам ғылымхалы», «Тағдыр кітабы» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.


Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты. Шараның басында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт ізгі тілегін білдірді.

«Ислам ғылымхалы» кітабында Мұхаммед Ихсан Оғыздың еңбегінде жазылған ислам дінінің иман, тазалық және намаз, ораза, зекет, қажылық пен құрбандыққа қатысты мәселелері қамтылған. Ал мұсылмандардың тағдыр мәселесіне қатысты қате түсініктері жайында жазылған «Тағдыр кітабы» көптің көңілінен шықты. Бұл еңбек Тимур Нүсіпханұлының қазақ тілінде жарық көрген тырнақ-  алды туындысы болғандықтан кеңірек сөз  қозғап, барша келген қонақтарға алғысын айтты. 

Рухани кездесу соңында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, облыстық «Jetіsý» газетінің бас редакторы, ақын Жұматай   Оспанұлы өз ізгі тілектерін білдірді.

Зарина БЫЖЫБЕК