Жазушы Ұларбек Дәлейұлының балаларға арналған «Жошы хан кім?» атты кітабы жарық көрді.
Mazmundama баспасынан жарық көрген туынды, балалардың тарихи танымдық көзқарасын оятуға үлкен көмегін тигізетінін айтады жазушы.
«Тарихын танымаған ұлттың тамыры қурайтыны белгілі. Алдымыздағы ұлы міндет – жас өскінді шын тарихымен сусындату. Сол арқылы рухы мен намысын түрткілеу. Ал, рухы берік, намысы ояу ұлт ешкімге есесін жібермейді. Рух пен намыс болса, қалғаны өз аяғымен келеді. «Жошы хан жайлы шағын деректер жинағын жазыңызшы. «Жошы хан деген кім» деп сұраған оқушыларға кейде не айтарымды білмей қаламын» деп жүрген мұғалімдер үшін де бір себі тиер деген ойдамын. Кітаптың деректер ізіне редакция жасаған Жошы ұлысын ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары», - дейді жазушы Ұларбек Дәлейұлы.
Айта кетейік, Сәуір айында Ұларбек Дәлейұлының қазақ және әлем әдебиетінде Жошы хан жайлы жазылған тұңғыш романы жарық көрген еді.