ТорIQ – цифрлық оқулықтар

Уақыты: 08.07.2024
Оқылды: 267
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Цифрлық оқу сауаттылығы – заман талабы. Электрондық оқулықтар барлық салада қолжетімділікті қажет еткенімен кейбір нақты ақпараттар цифрлық платформаға толық енгізілді дей алмаймыз. Алайда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету қажет» деген тапсырмасын берген.


Осы мәселеге байланысты елімізде алғаш рет «Алматы кітап баспасы» білім беру мекемелерінде оқушыларға ыңғайлы болу үшін электронды оқулықтар ТopIQ.kz платформасын енгізді. Бұл платформа – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен, Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру сыныптарында пайдалануға ұсынылған электрондық оқулықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық қызмет. Платформа жайында еліміздің аймақтарында тәжірибе алмасу бағыты бойынша Ш. Уәлихaнoв aтындaғы oртa мeктeп-гимнaзияcы мeктeпкe дeйiнгi шaғын oртaлығымeн кoммyнaлдық мeмлeкeттiк мeкeмeciнде семинар өтті. Мұндағы мақсат – оқушыларды электрондық, цифрлық оқулықтар арқылы заманауи білімге баулу және педагогтар арасындағы ұсыныстарды уақытында ескеріп жүзеге асыру. Семинар барысында ұстаздар қауымына ТopIQ платформасы жайында түсіндірме сабақтарын өткіздім. Іс-тәжірибе алмасу арқылы педагогтермен өзара байланысты күшейтіп, қажетті мағлұматтармен бөлістік. Өзім сабақ барысында ТорIQ платформасын жиі қолданамын. Сондықтан да оның тиімділігін педагогтерге насихаттап, айтып жүрмін. 

ТорIQ платформасын сабақ үдерісінде қолданудың көптеген тиімділігі бар. Ол оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл-ойын, сыни ойлауын дамытады, шығармашылық белсенділігін, жан-жақты ізденушілігін арттырады – аз уақытта көп білім алып, уақытын үнемдейді, қашықтан білім алу мүмкіндігі туындайды, тапсырмаларды дұрыс орындауға мүмкіндік береді, мұғалімнің уақытын үнемдейді, оқушыға берілген тапсырманың орындалу жолындағы олқылықтардың жолын анықтап береді

Жаңа дәуір – ақпараттық технологиялар мен ғылымның дамыған дәуірі екені баршаға мәлім. Білім беру саласында интерактивті техника мен технологияларды қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру, білім беру үдерісінде тиімді әдістер мен тәсілдерді іздеу және қолдану – заманауи мұғалімдерге қойылатын басты талаптардың бірі. «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, ол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп, балаға көрсет» деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаса керек. Демек, заманауи құралдармен жұмыс істеу оқушыларды нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аударта білуге баулиды. 

Қорыта айтқанда, ТорIQ (topiq.kz сайты) платформасы – оқу материалын терең түсінуге, оқуға деген ынтасының артуына, алған білімін ұзақ уақыт есте сақтауына, уақыттың үнемделуіне ықпал етеді. Осылайша, инновациялық технологиялардың мақсаты – өзінің оқу-танымдық қызметін дербес құруға және түзетуге қабілетті болашақ маманның белсенді, шығармашылық тұлғасын қалыптастыру болып табылады деген сенімдемін. 

Раушан ЕРБАЕВА, 
Ш. Уәлихaнoв aтындaғы oртa мeктeп-гимнaзияcы 
мeктeпкe дeйiнгi шaғын oртaлығымeн кoммyнaлдық мeмлeкeттiк
 мeкeмeciнің информатика пәні мұғалімі 
Ескелді ауданы