ТИІМДІ ӘДІС

Уақыты: 26.11.2024
Оқылды: 514
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Қашықтан білім беруде тарих сабағынан «Core.app» платформасын қолданудың тиімділігі зор. Мұндағы орындалатын тапсырмаларды мұғалім өзі дайындап, құрастырады. Ол үшін көптеген функция қарастырылған. Сол функциялар арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жаттығулар, тапсырмалар жасап, БЖБ, ТЖБ құрастыруға болады.


Кері байланыс бағыты да бар. Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жасалады. Жіберілген тапсырмаларды оқушылар орындайды. Ол үшін оқушыларға сілтеме жіберіледі.Тапсырманы қанша бала орындады, оның деңгейі қандай, бәрі көрсетіліп тұрады. Күнін, тапсырманың орындалу уақытын белгілеп қойса да болады. Бұл платформаны көшіріп қажет емес, ғаламтор желісіне «Core.app» деп кіріп, орындай берсе болады.

«CORE»-нің мүмкіндігі мол. Бұл онлайн-диагностика құруға және бастауға арналған сандық білім беру платформасы. Дайын блоктар мен шаблондарды қолданып онлайн сабақтар мен курстар жасауға арналған. Сабақтарды тегін құрастырып, тексеріп көруге, онлайн курстар мен конференциялар ұйымдастыруға болады. Кері байланыс негізінде оқушылардың жұмысын талдау және оқу материалдарын жақсарту көзделген.

Ең бастысы, бұл тегін білім беру платформасы, ол арқылы оқушыларға сабақпен қатар олимпиада ұйымдастырса да болады. Барлық оқушының үлгерімін бақылап отыруға да өте ыңғайлы. Олардың алған нақты баллдары көрсетіліп тұрады.

Р. Сүлейменова, 
К. Ахметов атындағы  олимпиада  резервінің  республикалық  
мамандандырылған  мектеп-интернат  колледжінің  
тарих  пәні  мұғалімі 
Алматы  қаласы