Қытайға жұмыс сапары аясында Қазақстан делегациясының құрамында, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Huawei вице-президенті Ли Цзюньфэнь және Huawei Kazakhstan бас директоры Макс Чжао арасында кездесулер өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегі мен серіктестік қатынастарын дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды талқылады.
Келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум Қазақстандағы жоғары білім саласының цифрлық трансформациясы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Меморандум аясында 2025 жылы смарт сыныптар жобаларын іске асыру жоспарланып отыр, бұл үздік студенттерге Huawei компаниясында тағылымдамадан өту және халықаралық конкурстарға қатысу сияқты ерекше мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, компания түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс жәрмеңкелерін ұйымдастырады, бұл олардың еліміздің цифрлық экономикасына сәтті интеграциялануына мүмкіндік береді.
Қазақстандық делегация Huawei компаниясының штаб-пәтерінде компанияның инновациялық шешімдерімен танысты, соның ішінде цифрлық сыныптар мен бұлтты платформаларға арналған инновациялар көрсетілді. Сапар барысында Huawei-дің цифрлық трансформацияға арналған инновациялық шешімдерін таныстыру үшін компанияның көрме залына, Huawei Cloud мәліметтерді өңдеу орталығына және HUAWEI зерттеу және дамыту орталығына да барылды. Сондай-ақ, Smart Classroom – цифрлық сыныптар концепциясы ерекше назарға алынды.
Huawei компаниясымен ынтымақтастық жаңа ұрпақ мамандарын даярлау және Қазақстанның цифрлық экономика саласындағы халықаралық позицияларын нығайтуға негіз болады. Бұл қадам жоғары білімді цифрландыруды арттыру және білім экономикасы саласында бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады. Жоба Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ИКТ) саласында жаңа технологиялар мен заманауи дағдыларды дамытуға деген көзқарасын білдіреді және елдің цифрлық трансформациясының табысты болуына ықпал етеді.