Оқи отырыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы» атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Керімбек би» мешітінің бас имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы өз ойымен бөлісті.
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтылығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы деп білем.
“Таза Қазақстан” деген сөзде тек айналана, қоршаған ортаның таза болуыңа мән беріп қоймай, жан тазалығымызда жоғары болу керек - деді Аман Айтбосынұлы