Газет - халық үні

Уақыты: 24.01.2025
Оқылды: 460
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

«Газет оқу – бекзаттық өнер» деген жақсы пікір қалыптасты. Расында «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болған басылымдарды парақтау адамның мәдениетін, таным көкжиегін, білімін көтеретін ең негізгі құрал. Мен жас өскіндерге қазақ ертегілерін айтатын «ертегіші әжей» ғана емес, ғасырдан астам тарихы бар «Jetіsý» газетінің тұрақты оқырманы ретінде де мақтана аламын... 

Бүгінгі күні оқырманның олжалы дүниесі, мемлекеттік саясат пен өркенді өңірдің дамуы тұрғысындағы тұшымды материалдар, сараптама мен терең толғамдар, ұлт құндылығы жөніндегі өткір пікірлер, сыни байламдар мен бабалар үні естілер жер жаннаты Жетісудың басты басылымымен бір болуды мәртебе санаймын. Көңілі ақжайық, жаны жайлау, көзі қарақты оқырманды «Jetіsý» газетіне жазылуға шақырамын!

Жұмабала БАЛАҚАРАНОВА,
ҚР Оқу ісінің үздігі, Көксу ауданының Құрметті азаматы