ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛЃАСТЫРУ – ПАРЫЗЫМ

Уақыты: 02.06.2016
Оқылды: 1782
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Халќымыздың біртуар перзенті, әйгілі ұста Дәркембай Шоќпар­ұлы­ның ту­ѓа­ны­на 70 жыл. Хас шебердің ұлт­тыќ ќол­өнері­міз­дің ќайта жаң­ѓы­руы­на ќос­ќан Ұлесі өте зор. Оның асыл мұрасы – ұлтымыздың ұлы ќа­зы­насы­на ќо­сыл­ды. Дара талант­тың шек­пенінен шыќ­ќан шәкірттері де аз емес. Олар ұс­тазы салып кеткен сара жол­ды абы­рой­мен жалѓастырып келеді. Осы орайда Аќ­­ши ауылындаѓы Дәр­кембай аѓаның мұ­­ражайына бас сұѓып, атаќ­ты ұс­таның ұлы, із­басары Дәу­лет Шоќ­па­ровпен сұхбаттасќан едік.

 

Ұста Дәркембай атындаѓы облыстыќ ќолөнер мұражайының директоры

Дәулет Шоќпаров:

– Дәркембай аѓаның ұлттыќ ќол­өнерге ќызыѓуы ќалай басталды жә­не мұндай ерекшеліктер сіздердің әу­летке ќалай дарыды деп ойлай­сыз? Әңгімеміздің әлќиссасын осыдан бас­тасаќ.

– Біздің әулет – ұсталар әулеті. Бұл өнер баласына және немерелеріне Шоќпар атамыздан дарыѓан. Атам Жетісу өңіріне аты шыќќан әйгілі ұста-зергер болыпты. Ол жайында ауылдаѓы үлкен кісілер әлі күнге дейін тамсанып айтып отырады.

Сол ќасиет баласына, яѓни, менің әкеме де ќонды. Кішкентай кезінен бастап-аќ әкесінің ќасынан бір елі ќалмай жүріп, ќолөнердің ќыры мен сырына ќаныѓып өседі. Көп нәрсені көкейіне түйеді.

өкінішке ќарай, әкем 13 жасќа тол­ѓан­да Шоќпар атамыз дүниеден озады. Бұл ќаза енді-енді есейіп келе жатќан әкеме ќатты батады. Сондай ќиын шаќтарда атам­ның туѓан бауыры Ахмет көкеміз Дәр­кембайѓа пана болып, өз ќамќорлыѓына алыпты. Ахмет атам да өнерге ден ќойѓан адам.  Аѓасының көмекшісі бола жүріп, ұс­талыќ кәсіпті бір кісідей меңгерген.

өмір осылай жалѓасады. Мектепті ой­даѓыдай бітірген әкем Алматыдаѓы Гоголь атындаѓы көркемсурет училищесіне ќұ­жат­тарын тапсырады. Жолы болып, кітап безендіруші мамандыѓына оќуѓа ќабыл­данады. өйткені ол кезде ќолөнер бұйым­дарын жасауѓа үйрететін бөлім мұнда аты­мен болмаѓан. Ќолөнершілер бөлімі кейін ѓана ашылды. Ќалай десек те, ќолөнердің негізі – сурет. Мыќты ұста болу үшін кә­сі­би суретшілік өнерді игеру керек. Әкемнің осы оќу орнын таңдаѓаны сондыќтан еді.

Екінші курсты тамамдаѓан кезде әскер ќатарына шаќырту келеді. Сөйтіп, Ресейдің Пермь ќаласында әскери борышын өтейді. Ол жерде де әкемнің өнеріне командирлері тәнті болады. Жазу-сызу сияќты сурет­шілік жұмыстарды жауынгер Дәркембай Шоќпарұлына тапсыратын көрінеді. Со­ны­мен ќатар, спорт жаѓынан да алда жүрген. Әсіресе, 100 метр ќашыќтыќта жүгіруден оѓан ешкім ілесе алмаѓан. Бәрін де шаң ќап­тырып кетеді екен. Міне, осындай ерек­шеліктері үшін оны сарбаздар ѓана емес, сар­дарлар да ерекше ќадірлепті. Оѓан дәлел ретінде мына бір оќиѓаны айтайын. Анасы ќайтыс болды деген суыт хабар же­теді. Сол кезде әскери борышының аяќ­та­луына екі-үш ай ќалѓан  әкемді командирі мерзімінен бұрын босатып, біржолата үйі­не ќайтарады. Бұл – кез-келгенге көр­сетілмейтін ќұрмет.

– Әкеңізге тәлімгер болѓан, ұстаз бол­ѓан адамдар кімдер еді? Олар ту­ра­лы ќандай ілтипатпен әңгіме­леуші еді?

– Елге оралѓан соң, әкем оќуын ќайта жалѓастырады. Екі жыл дегенің аттай зулап өте шыѓады. Диплом ќорѓайтын сәт те жаќындай түседі. Бір күні училищенің директоры Ахрап Жұбановќа кіріп, кө­кейінде жүрген ойын ортаѓа салады. «Мен дипломдыќ жұмысымды ќазаќтың ќолөнер бұйымдарынан ќорѓасам деймін. Осы арќылы ұмыт бола бастаѓан ұлттыќ өнерді ќайта жаңѓыртќым келеді», – деген ниетін білдіреді. Әкемнен мұндай сөзді күтпеген директор оны ќұшаѓына алып, ерекше риза болады. Жүрегі ұлтым деп соѓып тұрѓан дарынды шәкіртіне аќжол тілейді. «Бәріне өзім жауап берем, ісің сәтті болсын» деп шыѓарып салады. Ќуанышы ќойнына сыймаѓан әкем, үйіне келе салып дереу іске кіріседі. Нәтижесінде ќымыз ќұюѓа арнал­ѓан ыдыстар топтамасын жасап шыѓарады. Оны жай жасап ќана ќоймайды. Жұмыс үдерісіндегі барлыќ технологияны сарап­тайды. Бірін де ќалдырмай ќаѓаз бетіне тәптіштеп түсіреді. Сөйтіп, ол кісі училище тарихында ұлттыќ ќолөнер бұйымдарынан диплом жұмысын ќорѓаѓан тұңѓыш студент атанады.

Ќолына диплом алѓан соң, отбасын ќұрады. өзімен бала кезінен бір сыныпта оќыѓан Балжан атты ќызѓа, менің анама үйленеді. Алѓашќы еңбек жолын Алма­тыдаѓы «Ќазреставрация» мекемесінде суретшілік ќызметтен бастайды. Бұл ме­ке­ме тікелей Мәдениет министрлігіне ќа­ра­ѓан екен. Ал  ол кезде осы саланы өзбекәлі Жәнібеков басќарѓан. Ол кісі әкемнің өнерін айрыќша баѓа­лап, болашаѓынан зор үміт күткен. Сон­дыќ­тан, оѓан еліміздің түкпір-түкпірінде тұ­ра­тын ќолөнершілердің еңбектерін жи­науды тап­сырады. ұлттыќ музыкалыќ аспаптар мұ­ражайын ашу өзбекәлі аѓа­мыз­дың ар­маны болыпты.

Осы жолда әкем көп тер төгеді. Жер-жерді аралайды. Неше алуан ұс­талармен әң­гімелеседі. Олардың жұ­мысымен та­нысады. Әр аймаќтаѓы хас шеберлердің жасаѓан бұйымдарын өз шеберханасына әкеліп, оны ќайта өң­деп, онда ќол­данылатын техно­ло­гияны ќаѓазѓа тү­сіреді.

Баспасөз беттеріне ұлттыќ ќолөнер бұйымдарының жасалу шеберлігі жайында маќалалар жазады. Соның бә­рі кейін жинаќ­тала келе бір-бір оќу­лыќтарѓа айналады. Мұнымен ќатар, әкем режиссер Нұрлан Ах­та­новпен бірге «Зергерлер», «Шебердің оралуы» атты деректі фильмдер түсіруге атсалысќан.

«Талантты талант таниды» деген сөз рас ќой. Міне, осындай Алаштың айтулы аза­мат­тары әкемнің шабытын оятып, оның тұлѓа болып ќалыптасуына өз үлестерін ќоса білген. Ол кісілерді үнемі саѓынышпен еске алып отырушы еді.

– Дәркембай аѓа өз бойына терең танымдарды дарытќан бірегей тұлѓа. Мол тәжірибеге, мол білімге ие болды. Табиѓи дарыны мен ізденуін өте сәтті үйлестірді. Артына асыл мұра ќал­ды­руымен ќатар, талантты ізбасарлар дайындаѓан ұстаз. Осы тұрѓыдан ал­ѓанда әкеңіз туралы не айтар едіңіз?

– Дұрыс айтасыз, ол кісі ұлттың ќол­өнерін ѓылыми тұрѓыда зерттеген тұңѓыш ќазаќ десем ќателеспейтін шыѓармын. Ѓы­лыми еңбектері танымдыќ кітаптарѓа ай­нал­ды. Бүгінгі таңда ол еңбектерін өнер­та­ну­шылар ќажетіне жаратуда.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген терең маѓыналы тіркес бар. өнер үзілмеуі керек. Оны ары ќарай жалѓастырып әкететін – талантты ізбасарлар. Әйтпесе, өнер өшеді.

Әкем саналы ѓұмырының көбін шәкірт тәрбиелеуге арнады. Абай атындаѓы педа­гогикалыќ университетте, Темірбек Жүр­ге­нов атындаѓы өнер академиясында, өзі алѓаш білім алѓан училищеде дәріс оќып, ұлттыќ ќолөнеріміздің ќыр-сырын жас ұр­паќтың бойына сіңіруден жалыќќан жоќ.

Ол кісі шәкірт тәрбиелегенде, оның ұл­тына, руына ешќашан мән берген емес. Та­лантына ќарады. өздері ќызыѓып, іздеп кел­ген жастардың бетін ќайтармайтын. Абы­лай­хан Асылбайұлы деген шәкірті болды. Сол азамат бес жыл бойы әкемнің ќасында жү­ріп, ұсталыќ өнерге ден ќойды. Ќазір ол кісі елімізге белгілі ќолөнер шебері.

1987 жылы Алматыда әкем бір топ шә­кірттерімен «Мирас» атты шыѓарма­шылыќ бірлестік ќұрды. Ќаланың жоѓары жа­ѓын­даѓы «Ќазселденќорѓау» мекемесінің ќаңы­рап ќалѓан үйлерін «Шеберлер ауылына» айналдырды. Елдегі барлыќ ұсталарды сол жерге жинап, әрќайсысына жеке шеберхана жасап берді. 70-80-ге жуыќ ұста-зергер сон­да ќызмет етті. Аптаның әр сәрсен­бісінде көркемдік кеңес өтетін. үлкен меке­ме­лер­ден тапсырыстар жиі-жиі түсіп жататын. Он жылѓа жуыќ бұл бірлестік дүркіреп тұрды. Әкемнің осындай еңбектерінің бәріне мен өзім куә болдым.

Бүгінгі таңда елімізге белгілі ќолөнер шеберлерінің ќайсыбірін алсаңыз да, оларды әкемнің шекпенінен шыќќандар деп маќ­т­а­ныш­пен айта аламын. өйткені, ол менің ѓана әкем емес, барша ұсталардың әкесіне айналѓан тұлѓа.

– Дәркембай аѓаның жұмыстаѓы мінезі ќатал ма, әлде жұмсаќ па? Іс үй­рету әдістері ќалай еді? Есіңізде ќалѓан ќызыќты оќиѓалар бар ма? Сізге, жолын ќуѓан баласына,  ќандай үміт артты?

– Әрине, есімде. өйткені ес білгеннен әкемнің шеберханасында шыңдалып өстім. Ондаѓы істелінетін жұмыстардың барлыѓын көзім көрді.

Мен жеті жасыма дейін ауылда, наѓашы атам мен әжемнің ќолында болдым. Мек­тепке баратын жылы әкем мені ќалаѓа алып кетті. Алматыдаѓы №12 мектеп-интер­на­тында оќыдым. Бірінші сыныптан бастап ұсталыќ өмірге араласа бастадым.

Ол кісі маѓан өте ќатал ќарады. Талап­шыл болатын. Алѓаш рет шеберханасына апарып, ондаѓы жұмыс істейтін әр ќұрал-жабдыќтың өз орны бар екенін түсіндірді. ұќыптылыќќа үйретті.

Сабаќтан шыѓып үйге келгенде үстелдің үстінде ќаѓаз жататын. Онда сол күні іс­тейтін тапсырмаларым жазылып тұрады. Оларды міндетті түрде орындауың керек. Әрине, ол кезде ойын баласымын. Кейде ішің пысып балалармен бірге доп ќуып ке­те­тінің бар. Сондайда әлгі тапсыр­ма­лар­дың бір-екеуі ќалып ќояды. Кешќұрым үйге оралѓан әкем ќаѓазына ќарайды. Ќалыс ќалдырѓан жұмыстарымды ұйќыдан тұр­ѓызып алып орындататын.

Ќазір ойлап ќарасам, әкем мені үлкен тәрбиелік мектептен өткізген екен. Осы әдетімді әлі күнге дейін тастамаймын. Ќайда барсам да, алдымен бір күнгі істейтін жұ­мы­сымды ќаѓазѓа түртіп аламын. Одан ұт­пасам, ұтылѓан емеспін.

– өнер адамдарымен, аќын-жазу­шылармен араласќан сәттері көп бол­ѓан шыѓар. Соның бір-екі мыса­лына тоќтала кетсеңіз. Олардың ор­таќ ойы, өзекті пікірлері ќалай то­ѓы­сушы еді?

– 1982 жылы Алматыдаѓы Жазушылар одаѓында әкем өзінің жеке көрмесін ұйым­дастырды. Жаңылмасам, ол екі айѓа жуыќ уаќытќа созылды. Ол кезде мен бастауыш сынып оќу­шы­сымын. Мектептен шыѓып, дереу көрмеге ќарай жол тартам. Кеш батќанша сонда жүрем. Сабаѓымды да сонда оќимын. Теле­дидардан ѓана тамашалайтын атаќты ак­терлар мен әншілерді сол жерден көріп риза болатынмын. Олардың бәрі ондаѓы арнайы тілек кітапшасына өз пікір­лерін жазып кетіп жататын. Сол кітап ќазір мұражайда. Әкеме деген алѓыс сөздерінің есімде ќалѓан­да­рының бір-екеуін  айта кетейін. Ќазаќтың белгілі жазушысы, этно­граф, ѓалым Аќселеу Сейдімбековтің «Мен наѓыз өнерге адам атаулының неге табына­тынын жаңа түсін­дім. Ол үшін Дәркембай бауырым, сенің алтын саусаѓың мен ќанатты ќиялыңа мың алѓыс!», ќарымды ќаламгер Оралхан Бөкей­дің «ұлттыќ ќолөнеріміздің ұмытылып бара жатќан үлгілерін ќайта жаңѓыртып, ќайта тірілтіп, бүгінгі жас ұр­паќќа ќайтарып бер­генің үшін шын ниетпен алѓысымды айта­мын!» деген сияќ­ты игі тілектері жа­зылѓан.

Біздің үй – шыѓармашылыќ үйі іспетті болатын. Күндіз-түні адам арылмайды. Жә­нібек Кәрменов, Ќадыр Мырза Әлі, Шерхан Мұртаза, Мұзафар Әлімбай, жоѓа­рыда айтќан Аќселеу аѓамыз, таѓы басќалары ќа­заќтың ќолөнері туралы пікірталас туды­рып жататын. Әкем өзі жасаѓан бір бұйымды ортаѓа ќояды. Ќалѓандары оның шыѓу та­ри­хын, ол туралы аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды таң атќанша сөз ететін.

– Әкеңіз тілге шешен, ділмар кісі болѓан дейді. Әзіл-оспаќтары ойлы, өткір және әдемі. Сол жайында айта кетсеңіз.

– Иә, ол кісінің табан астында тауып айтатын суырыпсалмалыќ ќасиеті бар. Әсіресе, әзіл-ќалжыңды әдемі әрі орнымен айтатын.

Әкем әдебиет пен тарихты ќұмартып оќитын. Соның әсері шыѓар өз ойын өлең арќылы ќаѓазѓа түсіретін. Сондай-аќ, кино әлеміне араласќан сәттері де аз емес. Асан­әлі Әшімов аѓамыз түсірген «Ќозы Көрпеш – Баян сұлу» кинофильміне этно­графия жаѓынан кеңес берді. Сол кинодаѓы шаѓын эпизодта сарбаздардың бірін сомдайды. «Сұлтан Бейбарыс» фильміне Бейбарыстың рөліне түсу үшін кастингке шаќырылыпты. Міне, әкем осындай «сегіз ќырлы, бір сыр­лы» адам болѓан. Әкемнің мына бір ќайы­рымды ісі оның үлкен жүректі азамат екенін көрсетеді. Кіш­кентайынан жетім ќалѓан орыс ұлтының аѓайынды екі баласын өз бауырына басады. Бізді ќалай көрсе, оларѓа да дәл сондай ќам­ќорлыќ танытты. Оќытты, тоќытты. Ќа­зір Лена мен Андрей бір-бір маман иесіне ай­налды. Лена – дизайнер, ал Андрей – зергер. Отбасылыќ мерекелерде бәріміздің басымыз ќосылып, ќауќылдасып ќаламыз. Олардың түрі орысќа ұќсаѓанмен, жан дүниесі наѓыз ќазаќ.

– өзіңіз білесіз, ќолөнер сан салаѓа жіктеледі. Темірден, теріден, аѓаштан жасалатын бұйымдар болады. Дәр­кем­бай аѓа осының үшеуін де мең­гер­ген секілді. Соның басты сыры неде?

– Мен жұмыс бабымен шет елдердегі ќолөнер фестивалінде, көрмесінде жиі бол­дым. Мұндай сапарлар танымыңды байы­тады. өрісіңді кеңейтеді. Мол тәжірибе жинаќтап ќайтасың.

Бір нәрсеге таңѓаламын. Ол – ќазаќтың бай ќолөнері. Оның жан-жаќтылыѓы. Сіз жоѓарыда айтќан дүниелердің бәрі біздің ата-бабамыз тұтынѓан бұйымдардан табы­лады. Мәселен, бір ѓана ер-тұрманды алайыќ­шы. Оның сүйегі аѓаштан жасалады. Жүген, ќұйысќан, өмілдірік сияќты бөл­шек­теріне тері ќолданады. Ал ауыздыќ, үзеңгі таѓы басќа әшекейлерге темір пайдаланады. Сондыќтан, ќазаќ ұсталары осылардың бә­рін меңгеруге тура келген. Соѓан сай ќол­өнеріміз де жаңарып, жаңѓырып отыр­ѓан. өнер жолын ұрпаѓына аманаттаѓан баба­ла­рымызѓа ќұрметпен басыңды иесің.

–  Сіз әке жолын жалѓастырѓан ұр­паќ­сыз. Әрі мұражайдың дирек­то­ры­сыз. өзіңіз жайлы, мұражай ту­ралы кеңінен толѓап айта кетсеңіз.

– Мұражай ашу – әкемнің арманы еді. Осы жолда ол аянып ќалѓан жоќ. Бар күшін салды. Аќши ауылындаѓы бұрынѓы жүзім шаруашылыѓының ќаңќасы ѓана ќалѓан ѓимаратын өз ќаражатына сатып алды. Алай­да, оѓан күрделі жөндеу үшін ќыруар аќша керек болды. Сөйтіп жүргенде ауыр науќасќа ұшырады. Көп ұзамай бұл дүние­мен ќош айтысып кете барды. «Ќайтсең де осы мұражайды аш, балам. Саѓан сенемін» деген әке аманаты әлі ќұлаѓымның түбінде жаңѓырады.

Әкеміздің ќырќын беріп жатќанда, от­басымызѓа көңіл айту үшін сол кездегі об­лыс әкімі Серік үмбетов арнайы келді. өнерге жанашыр болып жүрген аѓамызѓа әке аманатын жеткіздім. Айтќан тілегімді жерге тастамады. Мұражай облыстыќ мәде­ниет басќармасына өтіп, күрделі жөндеуге бюджеттен ќомаќты ќаражат бөлінді. үш жылдың ішінде мұражай келушілерге өз есігін айќара ашты.

Мұражай жанынан шеберхана салдыќ. Ќазір ќол астымда Ринат, Мәди және Бек­болат дейтін шәкірттеріммен жұмыс жасап жатырмын. Мәди аѓаш бұйымдарын жасау­дың шеберіне айналды. Бекболат болса зер­гер. Ол өзі де шәкірт тәрбиелейтін дережеге жетті. Ал, Ринат тері бұйымдарын жасауда алдына жан салмайды.

Мұражайда 2437 жәдігер бар. Олардың барлыѓы да үнсіз сөйлеп тұр. Мұнда келу­шілер легі азайып көрген жоќ. Әке жолын жалѓастыру – басты парызым.

Дәркембай Шоќпарұлы тек біздің әу­лет­тің ѓана әкесі емес, ол күллі ќазаќ халќының перзентіне айналды. Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл. Ол кісінің егемендікті ныѓайтуѓа ќосќан үлесі өлшеусіз. Оның асыл мұрасы – халыќтың ортаќ ќазынасы. Сондыќтан, Дәркембай Шоќпарұлына көрсетілген ќұр­мет – ќазаќтың ќолөнеріне көрсетілген ќұрмет. Осыны ешќашан естен шыѓарып алмасаќ екен деймін. Себебі, таланттың тойы – халыќтың тойы!

– Әңгімеңізге рахмет!

Болат МӘЖИТ