ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ҚАН-ЖОСА ЕТІП ҰРҒАН: ПОЛИЦИЯ ЕКІ ӘЙЕЛГЕ ІЗДЕУ САЛДЫ

Уақыты: 14.05.2021
Оқылды: 2965
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Іле ауданында оқушы қызды екі әйел жабылып ұрып кетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Таяқ жеген жәбірленуші қазір ауруханада жатыр. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ал күдіктілерді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған. Кешкі сағат 18:35 шамасында аялдамада екі әйел кәмелет жасына толмаған қызды ұрып, содан кейін таксиге мініп, қашып кеткен. Алдын ала болжам бойынша тараптар арасында кикілжің болуы мүмкін. «Қазір 16 жастағы қыз Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факті Іле ауданының полициясында тіркелді. Қазір күдіктілерді жедел іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"