ШИМАЙЛАП КЕТКЕН: ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ВАНДАЛИЗМ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 30.05.2021
Оқылды: 1259
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Еңбекшіқазақ ауданындағы христиандар бейітінде вандализм тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Белгісіз біреулер христиандар зиратындағы 19 белгітасты аэрозоль бояумен шимайлап кеткен. Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 294-бабы яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр. Күдіктілер ұсталып, кінәсі дәлелденсе, 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. Сондай-ақ, 40 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған.

- Факті әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталған. Полицейлер дереу тексеруге кірісті. Анықталғандай вандализм оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Қазір Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде, - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"