ҚАБЫРҒАСЫ СӨГІЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕП: АУДАН ӘКІМДІГІ МӘН-ЖАЙДЫ ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 19.07.2021
Оқылды: 1349
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Панфилов ауданында керегесі сөгілген мектепті қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жазиралы Жаркентте 4 жыл бұрын ел игілігіне берілген білім ордасының қабырғаларында жарықтар пайда болған. Нысанның жалпы сметалық құжатына 1 млрд.21 мың теңге бөлініп, "Алматыкульбытстрой"  мердігер компаниясы жауапкершілкті өз мойындарына алған болатын. Аталған компания мектептің құрылысына 3 жылдық кепіл мерзім берген.

Желіде қабырғалары сөгілген білім ошағының суреті тарап, елді дүрліктірген еді. Алайда мектеп қабырғасындағы бұл сызаттар 2019 жылы пайда болған. Осыдан екі жыл бұрын мектептің сыртқы қабырғаларында сызық пайда болған сәтте мектеп әкімшілігінің шағымы негізінде әкімдік, прокуратура және антикоррупция тексеріс жүргізеді. Арнайы мамандардың тексеріс нәтижесінде мектептің кейбір бөлігінде сыртқы сылағы қалың жағылғаны анықталған. Ал мектептің негізгі қабырғасы қызыл кірпіштен салынған. Ол толықтай талапқа сай, қауіпсіз. Мердігер компания кепілдік негізінде мектептің сыртқы сылағын жүргізіп шығады.

Екі жыл бұрын қабырғасында сызат пайда бола бастаған білім ордасының бүгінгі келбеті өзгеріссіз, биыл да нысанның керегесінде жарықтар пайда болған. Мердігер компанияның берген кепілдік мерзімі өз шегіне жеткендіктен, жергілікті әкімдік үнемделген қаржыдан 15 млн.теңге бөліп, конкурс негізінде ұтып алған құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"