ТАЛҒАРДА ӘЙЕЛІМЕН ЖАНЖАЛДАСҚАН ЕР АДАМ ӨЗ ҮЙІН ӨРТЕП ЖІБЕРДІ

Уақыты: 19.02.2022
Оқылды: 1502
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданының 44 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

15 ақпанда Талғар ауданындағы саяжайлардың бірінде үй өртенді. Өртке оранған үйден әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерген. Ал отағасын шуға қарай жүгірген көршілер аман алып қалды.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, үйді өртеп жіберді деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдан соң осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай істер бойынша міндетті сараптамалар белгіленді. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң шығарылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"