АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛАҢДАҒЫ БАЛАҒАТ СӨЗІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Уақыты: 24.02.2022
Оқылды: 1236
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде Қаңтар оқиғасы кезіндегі балағат сөзіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы "Жетісу медиа" хабарлады.

Баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысының әкімі журналистерге балағат сөзі жазылған бейнематериалдың таралу себебін түсіндірді. «Мен бұл сөзді ("тыңда, епт") халыққа емес, арандатушыларға айттым. Мен наразылық білдірушілердің арасында бір жарым сағат тұрдым. Митингте халық өз талаптарын қойды. Бірнеше адам халықтың ортасына іріткі сала бастады, айқайлады. Сол кезде эмоцияға беріліп кеттім. Бірер минуттан кейін микрофонды алып, айтылған сөз үшін халықтан кешірім сұрадым. Шынымды айтсам, мен де сол күні өте көп жаман сөздер естідім. Бұл үшін өкінбеймін», - деді облыс басшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"