ІЛЕ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 25.02.2022
Оқылды: 1454
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жемқорлық фактісімен ұсталды.

«Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облыстық ұлттық қауіпсіздік қызметі департаментімен бірлесіп, Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын әшкереледі. Ол ЖШС директорынан оның нысаналы мақсатын коммерциялық объектіге өзгерту мақсатында үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаны үшін 3 000 000 теңге сомасында пара алған», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарламасында.

Департамент ақпаратына сәйкес, Іле аудандық соты күдіктіге кепіл беру құқығымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.Тергеу жалғасуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"