АҚША ТӨЛЕМЕЙ, ЖАЛТАРҒАН. ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ "АЛТЫН ОРДА" БАЗАРЫ ТУРАЛЫ

Уақыты: 26.02.2022
Оқылды: 1226
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ Журналистер үйінде өткен кездесуде "Алтын Орда" базары туралы өз пікірін білдірген еді. Әкімнің айтуынша, қазір облыстағы ірі базардың әбден қордаланған проблемаларын шешу міндеті тұр. Атап айтқанда, құрылыс, санитарлық және салықтық сипатта тексеру жүргізу жоспарланған.

"Алтын Орда" деген монополист базар бар. Президент онда тәртіп жүргізуді тапсырған. Қазір соған дайындалып жатырмыз. Кейбір цифрды ашып айта алмаймын. Бірақ осы базармен байланысты кейбір компаниялар өткен жылдары бар-жоғы 10 млн.теңгеден 20 млн.теңгеге дейін салық төлеген. Енді осыдан-ақ олардың бюджетке қанша ақша төлемей, жалтарғанын бағамдай беріңіздер. Сондықтан, жұмыс барлық бағыттар бойынша жүргізіледі", - деді Алматы облысының әкімі журналистермен өткен ашық баспасөз мәжілісінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"