"АТАМЕКЕННІҢ" АУДАНДАҒЫ БАСШЫСЫ ЗАҢСЫЗ СЫЙАҚЫ АЛЫП ОТЫРҒАН

Уақыты: 14.03.2022
Оқылды: 1528
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысындағы аудандық филиалына қатысты қылмыстық істі тіркеді. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға жәрдемдескені үшін «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры сыйақы алып отырған.

Ол өз қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерден бірнеше рет заңсыз 200 мың теңге ақшалай сыйақы алған, оған қатысты қылмыстық іс бойынша бүгінде тергеу аяқталған. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу нәтижесі прокуратураға жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"