БҰРЫН ҚАЙДА ҚАРАДЫҢ? ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ТЕКЕЛІНІҢ ӘКІМІНЕ ШҮЙЛІКТІ

Уақыты: 19.04.2022
Оқылды: 1613
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ аппарат жиынын өткізді. Онда бірнеше мәселе қаралды.

Соның ішінде, Текелі тұрғындары жол мәселесіне қатысты шағымданып жатқаны айтылды. Текеліде жылу жүйесіне арналған құбырлар төселген. Бірақ дұрыс жабылмаған. Салдарынан жолдардың жағдайы мәз емес. Қазір құбыр жүргізілген көшелермен жаяу жүру, көлікпен өту өте қиын дейді жұртшылық.

Жиында Қанат Бозымбаев осы мәселені көтерді. Ол Текелі шаһарының басшысы Батыр Молдахметовке шүйлікті.

- Текелі - ғажайып қала. Құбыр дұрыс емес көмілді де, халыққа қиындық тудырды. Бұрын қайда қарадың? Жоба бойынша жасамадың ба? Мердігерді жазала. Жасаған дүниеңді халыққа түсіндір. Алаңға шық та: "Кешіріңдер, маған ақша бөлінді, бірақ мен құбырды дұрыс ауыстыра алмадым, білімім жетіспеді немесе тым жалқау болдым", - деп айт, - деп "кеңес" берді аймақ басшысы.

Жиынның бейненұсқасын мына сілтеме өтіп, көре аласыздар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"