АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА 40 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ҚАРТ АНАСЫН ҰРЫП ӨЛТІРДІ

Уақыты: 29.04.2022
Оқылды: 1671
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алакөл ауданының полицейлері мас күйінде өз анасын сабап өлтірген 40 жастағы ер адамды ұстады.

Адам шошырлық қылмыс сәуірдің 25-інен 26-сына қараған түні тіркелген. Ауруханаға 62 жастағы әйел түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасқа ауыр соққы деген диагноз қойды. Есін жимастан әйел келесі күні қайтыс болды. Учаскелік полиция қызметкерлері оның өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның 40 жастағы ұлын ұстады.

"Күдікті мас күйінде өгей әкесі мен анасын ұрып-соққаны анықталды. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің әрекетіне қарамастан қайтыс болды. Күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жүргізілуде", - деді Алакөл аудандық полициясы.

Полиция ұсталған азаматтың ұсақ құқықбұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"