АМЕРИКАЛЫҚ МИЛЛИАРДЕР НҰР-СҰЛТАНДЫ САТЫП АЛМАҚШЫ. ТАҒЫ БІР ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

Уақыты: 02.05.2022
Оқылды: 1276
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Атақты америкалық миллиардер Илон Масктың Нұр-Сұлтан қаласын сатып алып, кейін атын қайтып Астанаға ауыстыратыны туралы кезекті жалған ақпарат тарады. Бұл туралы ол "Твиттердегі" парақшасына жазыпты-мыс. Дәл осы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп, көпшілік арасында пікірталас тудырып жатыр.

Бұл – жалған ақпарат. Былайша ойлап қарасаңыз, Илон Масктің Қазақстан астанасын сатып алмақшы болғаны еш қисынға келмейді. Оның өнертапқыш, инновациялық жобаларды инвестициялайтын бизнес-магнат екенін ескерсек, Нұр-Сұлтан қаласын сатып алу оған еш пайда әкелмейді. Оның үстіне қаланың атын қайтадан Астана деп өзгертетіндей қазақтардың оған өткізіп қойған ештеңесі жоқ. Бұл тіптен ақылға қонымсыз ақпарат. 

Скриншотталған суреттегі Илон Масктың фотосына назар аударсаңыз, бұл SpaceX, Tesla Motors компаниясының негізін құрушы тұлғаның ресми парақшасындағы фотодан мүлдем басқа. Міне, ресми парақшасы.

Ондағы жазбаның жариялаған уақытына көз жүгіртсеңіз, 28 сәуір, 2022 жыл деп тұр. Ресми парақшасында дәл осы күні Илон Маск 9 жазба жариялаған. Қатарында біз сөз етіп отырған «Нұр-Сұлтан қаласын сатып алу» жайлы ештеңе жоқ.

Қысқасы бұл әзіл үшін біреудің ойлап тапқаны. Тап-таза фейк ақпарат.

Мұхит ТОҚТАСЫН