ТАЛҒАРДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНА СӨГІС БЕРІЛДІ, БІР МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТТЕН ШЕТТЕТІЛДІ

Уақыты: 06.05.2022
Оқылды: 1718
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар аудандық білім бөлімі мектептегі сыныптың жөндеу жұмысына ақша жинаған деректі тексеріп, сол білім мекемесінің директоры мен сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берді. Бұл туралы Алматы облыстық білім басқармасы хабарлады.

Айта кетейік, 4 мамыр күні әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы Бесағаш ауылындағы №29 мектептің 8-сынып ата-аналарының ақша жинау фактісі бойынша аудиожазба жарияланды. Бұл жерде бір оқушының анасы өзге ата-аналарға сыныптың жөндеу жұмысына 1 мың теңгеден ақша өткізуді сұрайды. Осыған байланысты Талғар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы ата-аналармен кездесті.

«Кездесу барысында жылда мектептің жөндеу жұмысына бюджеттен ақша бөлінетіні ескертіліп айтылды. Мәселен, қазіргі уақытта 33 мектептің уақытша жөндеу жұмыстарына 24 млн.800 мың теңге ақша бөлінген. Осындай жайтқа жол бергені үшін аталған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», - делінген Алматы облыстық білім басқармасының ресми хабарламасында. Басқарма мәліметіне сәйкес, сынып жетекшісіне де сөгіс беріліп, қызметінен шеттетілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"