АУЫЛ ӘКІМІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ. ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ТАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛ

Уақыты: 08.05.2022
Оқылды: 2166
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесуінде елді дүрліктірген оқиға болды.

Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, полицияға ауыл белсендісі Болат Жәкішев жүгінген. 64 жастағы ер адамның айтуынша, әкім оны балағаттап, шабуылдаған. Бұл оқиға ауыл басшысының жергілікті халықпен жыл сайынғы есеп беру кездесуінде орын алған. Ауызша кикілжің екі ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан екінші топтағы мүгедек жергілікті белсенді зардап шегіп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Нәтижесінде, Панфилов ауылдық округінің әкіміне "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 30 630 теңге айыппұл салынды. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті мен Талғар ауданының әкімдігі ресми түрде растады.

Ауылдық округ әкімі жанжал жайлы: "Айыппұл тек маған ғана емес, белсендіге де салынды. Мен қазір қандай да бір себептермен оқиғаның жай-жапсарын айта алмаймын", - деді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"