БҰРЫНҒЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ ТҰТҚЫНДАЛДЫ. ОҒАН ТАҒЫЛҒАН АЙЫП ҚАНДАЙ?

Уақыты: 29.05.2022
Оқылды: 2487
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды. Бұрынғы Мәдениет министріне «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы "Антикордың" баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді», - деп жазды ведомство.

Ақпарат көзі 2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын мәлімдеді. Тергеу жалғасуда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"