ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА 70 ЖАСТАҒЫ АПАНЫ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 14.07.2022
Оқылды: 2996
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қарасай ауданында 70 жастағы әйелді қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Жедел- здестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қашып кеткен жүргізушіні анықтады, күдікті көрші ауданның 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Алматы-Жандосов» тас жолының 36-ншы шақырымында жаяу жүргіншімен соқтығысқан жол-көлік оқиғасының соңы адам өлімімен аяқталды. Оқиға орнында криминалистер «Mercedes-Benz» автокөлігінің бампер сынығын тапты. Бейнебақылау камералары арқылы жасырын көліктің мемлекеттік нөмірі анықталып, ол көрші Жамбыл ауданынан келген 22 жастағы Қарғалы ауылының тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Жүргізуші сынған көлігінің алдыңғы әйнегін ауыстырып үлгергенімен, зақымданған бамперді жөндемеген. Қазір автокөлік қажетті сараптамадан өту үшін арнайы тұраққа қойылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық заңнаманың «Көлiк құралын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралын пайдалану ережелерiн бұзуы» және «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» деген екі бап бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"