МИЛЛИАРДТАР ҚАЙТАРЫЛАДЫ. "АЛТЫН ОРДА" БАЗАРЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ

Уақыты: 24.07.2022
Оқылды: 1522
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қарасай аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодкесінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес, монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 теңге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай ауданаралық мамандандырылған сотына жіберген болатын.

Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша аталған серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары баға белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстеме немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.

Қарасай ауданаралық мамандандырылған сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"