ЕСІК ҚАЛАСЫНДА ҚАРУМЕН ОЙҚАСТАП, ОҚ АТҚАНДАР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Уақыты: 29.07.2022
Оқылды: 1508
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында болған атысқа кінәлілер толық ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Есік қаласында орын алған атысқа қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлаймыз. Негізгі күдікті алғашқы тәулік ішінде ұсталды. 1992 және 1999 жылы туған қалған екі күдіктінің қамауға алу шарасы кеше жүргізілді. Күдіктілердің үшеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Жанжалда пайдаланылған атыс қаруы (помпалық бес зарядты мылтық) табылып, тәркіленді және қылмыстық тергеу материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Тергеу қылмыстық заңнаманың «Кісі өлтіру», «Кісі өлтіруге оқталу» және «Қару қолдана отырып жасалған бұзақылық» деген үш бап бойынша жүргізілуде", - деді полиция өкілдері.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"