САБАП КЕТКЕН. ЕКІ АПТА БҰРЫН ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАН ЖОЛАУШЫ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 30.07.2022
Оқылды: 1824
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматыдан Талдықорғандағы үйіне қайтпақ болып жоғалып кеткен ер адам табылды.

«Бойында жаны бар екен. Ұрып кетіпті. Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздер ақпарат шығарған соң, бізге хабарласты. Сол айтқан адрес бойынша бардық. Алматыдағы Әуезов ауданы "Ақсай-1" шағынауданының маңынан жүз шақты адам іздеп жүріп, кеше таптық. Сабап кеткен. Маңдайынан соққы алған. Есінен айырылып, содан жүрген», - деді жоғалған азаматтың туысы Еркін Бейсекей.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Есімбек Түркістанұлы шілденің 7-сі күні Алматыда жоғалып кеткен еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"