ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ КӨЛІКТЕ ЗОРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 31.08.2022
Оқылды: 1155
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамыз күні Талдықорған полициясына келіп түскен. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-1 бөлігі және 121-бабы, 3-1 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.

Зорлау Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Күдікті ретінде Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеуді Жетісу облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"