Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛ ЗОРЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕКІ ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 21.09.2022
Оқылды: 610
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қонаев қаласында зорлауға қатысты екі дерек тіркеліп, күдікті қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Әйелдер оларға бейтаныс ер адамның шабуылдағанын хабарлаған.

Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған. Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткіге мас болғанын айтты.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"