ИТТІ ЖҮК КӨЛІГІНЕ БАЙЛАП СҮЙРЕГЕН. ТАЛҒАРДАҒЫ ОҚИҒА ЕЛ-ЖҰРТТЫ ШОШЫТТЫ

Уақыты: 26.09.2022
Оқылды: 1289
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданының Еркін ауылында "КамАЗ" жүргізушісі итті жүк көлігімен сүйреген. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жүктелді.

Полиция "КамАЗ" жүргізушісінің жеке басын анықтады. Алматы облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов құқықбұзушылық Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.

«Тексеру жұмыстары аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз», - деді Рустам Әбдірахманов.

Кейінірек ол көлік жүргізушінің кім екені анықталғанын мәлім етті. Ол 42 жастағы С.есімді азамат болып шықты. Алдағы уақытта тексеру жұмыстарының нәтижесі туралы қосымша хабарланады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"