Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДАМУДЫ ТЕЖЕЙТІН, ЕЛ АРАСЫНА ІРІТКІ САЛАТЫН ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС

Уақыты: 01.10.2022
Оқылды: 1236
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Сыбайлас жемқорлық – адамның сыртқы әлем, ең алдымен мемлекеттік қызметшілермен сөз байласу негізінде құрылған және заңды айналып өтіп, пайда алуға бағытталған өзара әрекетінің ерекше түрі. Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен ел дамуын тежейтін, халық пен басшылық арасына іріткі салатын қауіпті құбылыс.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық сөзін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Әуелі бұл мәселемен жиі бетпе-бет келетіндер көп. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, оған қарсы үрдісті жас буыннан бастау керек. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы мен әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу барлық білім беру ұйымдары мен мәдениет мекемелері қызметінің өзегіне айналуға тиіс. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек.

Жастарға рухани құндылықтарды дәріптеп, саналы ой қалыптастыруға атсалысу аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында жиындар, пікірталастар мен түрлі жобаны жиі ұйымдастырған жөн. Елдің көркейіп, халықаралық аренаға шығып, дамыған елдердің қатарына енуі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан жастар жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге ашық, білімді әрі жоғары моральдық қасиеттерге ие патриот, оған қоса сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін болуы керек.

Серік ОРЫМБЕТОВ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы