Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ НЕ ҮШІН БАЛАҒАТ СӨЗ АЙТҚАНЫН ТҮСІНДІРДІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 01.10.2022
Оқылды: 1184
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданында тергеу абақтысында отырған әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда белгісіз адамды ұру себебін түсіндірді.

Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлімдеді.

«Уақытша ұстау изоляторында отырған Төреғали Төреәлі Көлсайда болған жағдай бойынша өз нұсқасын айтты. Оның сөзінше, жанжал жаңа клиптің түсірілімі барысында шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Өзара ерегес соңы әншінің жұдырық жұмсауымен аяқталған. Сондай-ақ, әлеуметтік желіге тараған видеодан әртістің балағат сөздер айтқанын аңғаруға болады. Аталған құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелген», - деді Талғар аудандық полициясы.

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Кеген ауданындағы Көлсай паркі аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. Әнші тергеу абақтысында жатыр.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"