АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗҒЫНДЫҚҚА САЛЫНҒАН ӨГЕЙ ӘКЕ 19 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Уақыты: 18.11.2022
Оқылды: 2584
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында 15 жастағы қызды зорлаған өгей әке 19 жылға сотталды. Жас қыз өгей әкесінен жүкті болып қалған.

Облыстық соттың мәліметінше, 15 жастағы қызды зорлаған өгей әкесі 1962 жылғы азамат. 60 жастағы ер адам қыз баланы зорлап, жәбірленуші одан босанған. Қазір өгей әкесінен бала туған жас ана сәбиімен бірге тұрып жатыр.

«1962 жылғы азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол апелляциялық сотқа шағым түсірді, бірақ бірінші сатылы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Енді сотталған азамат жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Анықталғандай, 1962 жылғы азамат жәбірленушінің анасымен 12 жыл бұрын шаңырақ құрған. Ол кезде қыз 3 жаста болған. Жәбірленуші 15 жасқа толғанда өгей әкесі зорлап, анасына айтқан жағдайда екеуінің де жазаланатынын айтып, қорқытқан. Соңында қыз бала жүкті болып, іс сотпен аяқталған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"